Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әуежайларда цифрлық жеке куәлікті қолдануға болады

Әуежайларда цифрлық жеке куәлікті қолдануға болады

Петропавл қаласының әуежайында жеке мәліметтерді растау үшін «e-Gov Mobile» қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлікті  қолдану мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды egemen.kz
Бұған дейін мұндай қызмет Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Ақтау, Атырау және Тараз қалаларында іске қосылған болатын.
Әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін eGov mobile жүйесінде авторланған азамат «Цифрлық құжаттар» сервисіне кіріп, тізімнен өзінің жеке куәлігін таңдауы тиіс. Әуежайдағы тіркеу орнында, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде смартфон экранынан сервистегі QR-кодты көрсету керек.
«Цифрлық жеке куәлікті ел ішіндегі рейстерде пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ, Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары мен әуежайлары және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүйелерін интеграциялау бойынша бірлесе жұмыс атқарды.
Цифрлық құжаттар сервисі пилоттық тәртіпте іске қосылды және бұл мүмкіндік әзірше Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Ақтау, Атырау, Тараз және Петропавл қалаларының арасындағы рейстерде ғана қолжетімді. Пилоттық жоба болғандықтан, бұл сервисті қолдануды жоспарлаған жолаушылар өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасын да алғаны жөн», делінген ИИДМ хабарламасында.
22 қараша 2021 ж. 352 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 23

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930