Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек кітапшасы, өмірбаян: Президент қағазбастылықтан арылу қажеттігін айтты

Еңбек кітапшасы, өмірбаян: Президент қағазбастылықтан арылу қажеттігін айтты

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қағазбастылықтан арылу қажеттігін айтты.
Құжат айналымы мен іс жүргізуді цифрландыра берген жөн. Қазір елімізде еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі біртіндеп енгізіліп жатыр. Бұл жүйе еңбек кітапшаларынан бас тартуға және қағазбастылықтан құтылуға мүмкіндік береді. Дегенмен жұмыс берушілердің көбі әлі күнге дейін қызметкерлерінен еңбек кітапшасын, жеке парағы мен жазбаша өмірбаянын тапсыруды талап етеді, - деп айтты Мемлекет басшысы. Тоқаев азаматтардың бұл мәселеге наразылық білдіруі орынды екенін айтты.
Мұндай ескі тәсілдерден арылу қажет. Осы мәселені Ұлттық кеңес мүшелері және басқа сарапшылар да көтеріп жүр, - деп атап өтті.

#Еңбек кітапшасы # өмірбаян # Президент # қағазбастылық # арылу

16 қараша 2021 ж. 874 0

Үш облыста жол ашылды

17 сәуір 2026 ж. 144

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930