Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Суды субсидиялау ережелері өзгерді

Суды субсидиялау ережелері өзгерді

Биыл ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Ауыз суды есепке алу аспабы болған кезде субсидиялар 1 адамға арналған тұтыну нормативі кезінде тәулігіне 140 литр мөлшерінде төленеді. Осы нормадан асқан жағдайда тұтынушы сумен жабдықтау қызметтеріне толық тарифпен төлейді.
« Бекітілген тариф бойынша топтық су құбырлары үшін 1 текше метрге ҚҚС қосқанда 507,14 теңге. Оқшау су құбырлары үшін 1 текше метрге ҚҚС қосқанда 364,63 теңге.
Халықтың ауыз суға төлеп отырған 30/40 теңге деген баға 2006 жылдан бері өзгермеген. Яғни осы 15 жыл ішінде су беруші мекемелердің электр энергиясы, айлық жалақы және тағы да басқа шығындары ескеріліп, табиғи монополияларды реттеу жөнінде уәкілетті органмен бекітілетін ауыз су тарифы қанша көтеріліп жатқанымен халықтың жасайтын төлемі өзгеріссіз қалып келген. Оның өзінде 2014 жылға дейін халықтан басқа барлық тұтынушы да осы 30/40 теңге жеңілдетілген бағамен төлеп келсе, 2014 жылдан бастап тек қана халыққа берілген ауыз суға ғана субсидия беріле бастады»,- деді Ерлан Ералыұлы.
Баламасыз су көзі ретінде ауыз суды ішуге және шаруашылық мақсатта тұтынып отырған халыққа ауыз су бағасын бірден өсірмей есептегіш барларға 60 теңге, есептегіш құралы жоқ тұтынушыға 80 теңгемен бекітуді және оны қолдануды 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастау жоспарланды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
19 қазан 2021 ж. 970 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031