Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті
Қазақстанда 2021 жылғы 27 қазанда ПТР-тестінің нәтижесімен коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1699 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Oinet.kz.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 934 387 жетті. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 130, Алматы қаласында - 226, Шымкент қаласында – 46, Ақмола облысында – 138, Ақтөбе облысында - 53, Алматы облысында - 130, Атырау облысында - 27, Шығыс Қазақстан облысында - 111, Жамбыл облысында - 24, Батыс Қазақстан облысында -50, Қарағанды облысында - 140, Қостанай облысында - 126, Қызылорда облысында - 40, Маңғыстау облысында - 13, Павлодар облысында - 252, Солтүстік Қазақстан облысында - 156, Түркістан облысында - 37.