Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Перзентханадағы пендешілік

Перзентханадағы пендешілік

Тал бесік пен жер бесік арасында адам баласы үшін қаншама мереке бар десеңші! Соның ішінде шарананың дүние есігін ашуы кез келген пенде үшін үлкен қуаныш. Тоғыз ай толғатып, сәбиін тұншыға иіскеген ана, тұла бойы тұңғышының сыңғыр дауысын естіген әке, тілектес туғанның қуанышында шек болмасы шүбәсіз. Бірақ пенде пешенесінде қилы тағдыр бары хақ. Перзентхана ішінде қызылшақаны төсіне басып қуанғандар мен ­санаулы секунд өмір сүрген сәби анасының құмыққан үні бір-біріне астасып жатады. Мұндайды баяндауға ақхалаттылардың өзі қиналатыны хақ.
«Көршің соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр» деген қазақ кісі көңіліне сақ болуды меңзесе керек. Өйткені бастағы қара бұлт көшпелі келетінін терең ұғынған. Ал қазіргі қуаныш иелері қызыл ғимараттың терезесінен қарап тұрған өзге әйелдің қайғысын ойлай ма екен? !
– Перзентхана – өзіндік киесі бар орын. Өйткені мұнда жаң өмір пайда болады. Кейде сәби бақилық болады. Сондықтан мұнда дауысы зор музыка ойнатуға, айқай-шуға жол бермеген дұрыс. Құдайдың қалауымен үш баланы дүниеге әкелдім. Бұл жерден шашын жұлып жылаған әйелді талай көрдім. Қанша уақыт құрсақтағы баланы енді қолыма алам ба дегенде айырылып қалу айтуға сөз жетпейтін дүние.
Үйге алып кетуге келгенде күйеуім мұндай шоу ұйымдастырған емес. Анам екеуі гүл шоғымен келіп құттықтады. Ал қуанышты үйге келгесін, жақын-жуық, дос-жарандарымызбен атап өту әдетке айналған, – дейді Салтанат Шайахметова.
Індеттің жақсысы болмағанымен, карантин режимі талай дарақылыққа тұсау салғаны рас. Қазір қауіпсіздік үшін күтіп алушылар қақпадан аспайды. Бұрынғыдай есікке ентелей кірген жұрт жоқ. Сүйіншіден дәмеленіп, бала табыстауға таласқан медбикелер де көрінбейді. Бірақ мұны жақтырмаған жұрт аурухана алдына дыбыс күшейткіш аппаратты да апарып қойған. Мекеме күзетшісінің «қой» дегенін «жақтырмайдыға» балап тұр. Болмағасын жігіт ағасы сұқ саусағын перзентхана терезесіне бағыттап, бір ауыз сөз айтты да, кері бұрылып кете берді. Сөз жетер жерде тұрған біз қуаныш иесінің тәубеге келгенін оңай аңғардық. Қазақта «көргенсіз» көп емес. Тек кейде айналадағы ағайынға жөнді ақылын айтатын жандар қатары артса, мұндай келеңсіздіктің кеми түсері ақиқат.

Р.ҚАЙРАТҰЛЫ
26 қазан 2021 ж. 414 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 64

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 65

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 55

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031