Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бір күнде 1387 адамнан коронавирус анықталды

Бір күнде 1387 адамнан коронавирус анықталды

Кеше, 18 қазанда Қазақстанда 1387 адамнан коронавирус індеті ПТР тест арқылы анықталды. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 255 адамға аз. Денсаулық сақтау министрлігі індеттің бәсеңдегенін айтады. 20 қазаннан бастап елде карантин жеңілдеп, бірқатар нысандардың жұмыс уақыты ұзартылады.
Өткен тәулікте Алматы қаласынан (250 адам) басқа өңірлерде 200-ден аз науқас тіркелген. Ең төменгі көрсеткіштер - Түркістан (7 адам) мен Маңғыстау облыстарында (7 адам).
2020 жылы наурыздан бері Қазақстанда 919 мың адам коронавируспен, 78 мың адам коронавирус инфекциясы бар пневмониямен ауырып, коронавирустан – 11 797 (17 қазанда 46 адам қайтыс болған), пневмониядан 4969 адам қайтыс болған (17 қазанда 7 адам қайтыс болған).
Екі күн бұрын 9 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан.
Қазақстанда 7,1 миллион адам коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын алған. 900 мың адам екінші дозасын күтіп отыр. 18 бен 65 жас аралығындағы адамдарға Ресейдің "Спутник V" (қазір оны Қарағандыда өндіреді), Қазақстанның QazVac, Қытайдың Sinopharm компаниясының БАӘ-де өндірілген Hayat-Vax пен Қытайда өндірілген Vero Cell екпесі, сонымен бірге тағы бір қытайлық Sinovac компаниясының CoronaVac екпесі салынып жатыр.
19 қазан 2021 ж. 312 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30