Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2831 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 26 адам қайтыс болды

2831 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 26 адам қайтыс болды

Сейсенбі күні 2 696 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Барлығының коронавирус тесті оң шыққан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ведомство коронавирус пневмониясы мен адам өліміне қатысты екі күн бұрынғы мәліметті жариялап жүр. 19 сәуірде 135 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 26 адам қайтыс болған: 23 адамның өліміне – коронавирус, 3 адам өліміне коронавирус пневмониясы себеп болды деп айтылады.
Өткен тәулікте Алматыда 667 науқас тіркелген. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Нұр-Сұлтанда – 471, Алматы облысында – 281, Батыс Қазақстан облысында – 231, Қарағанды облысында – 218, Ақтөбе облысында – 125, Атырау облысында 114 адамнан коронавирус инфекциясы табылған. Қалған аймақтарда анықталған науқастар жүзге де жетпейді.

2020 жылдың наурыз айынан бері 294 946 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Содан бері 3 459 адам қайтыс болған. Коронавирус инфекциясы анықталған, бірақ өліміне "басқа ауру себеп болды" делінген мыңға жуық адам өлімі бұл статистикаға енбеген.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамыздан бастап Covid жұқтырғаны ПТР әдісімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша соған ұқсайтын коронавирус пневмониясының есебін жүргізіп келеді. 1 тамыз бен 19 сәуір аралығында 52 025 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 757-і қайтыс болған.

Қазір 39 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 766 614 адам (халықтың 4 пайыздан астамы) коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алған.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар 142 млн адамнан асты. 3 миллионнан астамы қайтыс болған.


21 сәуір 2021 ж. 1 521 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 33

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930