Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күзгі ұйқышылдықты қалай жеңуге болады? Маман айтып берді

Күзгі ұйқышылдықты қалай жеңуге болады? Маман айтып берді

Сеченов университетінің ұйқы медицинасы бөлімінің меңгерушісі Михаил Полуэктов күздегі ұйқышылдықты реттеудің үш жолын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik радиосына сілтеме жасап. 

Дәрігердің айтуынша, егер ұйқышылдық ұйқының бұзылуына немесе кез келген аурумен байланысты болмаса, кофе көмектеседі. 
"Күндіз ұйқы қысса, одан арылуға кофеин көмектеседі. Ол адам, тышқан, тарақан, тіпті балықтарға да әсер етеді. Ол барлық тіршілік иесінің бойында ұйқышылдықты төмендететін химиялық зат", – дейді Полэктов.
Ал ұйқы қысу бірнеше күнге жалғасса, онда ұйқы режимін өзгертуі керек.

"Түнде кем дегенде жеті сағат ұйықтаудан бастау керек", – деді ол.
Сондай-ақ адам жеткілікті ұйықтаса да, күндізгі ұйқышылдық сақталады. Мұндай жағдайда дәрігермен кеңесу қажет. Дәрігердің айтуынша, ұйқышылдық күзде жиі кездесетін психикалық бұзылуды көрсетуі мүмкін.
"Күйзеліс – өте кең таралған жағдай, ол адамдардың 10%-ында кездесуі мүмкін. Күйзеліс кей жағдайда әлсіздік арқылы көрінуі мүмкін, кей адам оны ұйқы қысуымен шатастырады. Күн сәулесінің жетіспеуі ұйқышылдық күйзелістіктің бір түрі ретінде асқынуына ықпал етуі мүмкін", – дейді дәрігер. 
18 қазан 2021 ж. 506 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 142

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 134

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930