Елімізде бір тәулікте 39 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

12 қазандағы жағдай бойынша: қайтыс болған 31 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР-тест арқылы расталса, 8 адамда коронавирус белгілері бар пневмония анықталған, бірақ олардан алынған ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткен.
14 қазандағы жағдай бойынша: елімізде 53 289 адам КВИ жұқтырып емделіп жатыр (46 444 КВИ+ және 6 845 КВИ-). Олардың 9 150-і ауруханада емделсе, қалған 44 139-ы үй жағдайында ем қабылдап жатыр.
КВИ+ және КВИ- жұқтырғандардың ішінде:
- 669 науқастың жағдайы ауыр;
- 194 науқас аса ауыр халде жатыр;
- 130 науқас ЖЖӨ аппаратына қосылған.