Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлық жолдан жаңылдырады

Жемқорлық жолдан жаңылдырады

“Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді” деген бар. Бұны біз емес, бұрынғылар айтқан. Бүгінгі заманның жегі құртына айналып тұрған жемқорлық індетін ауыздықтау бағытында түрлі шара атқарылуда. Десе де «бас жарылса, бөрік ішінде» деп мәселені жылы жауып қоятынымыз жасырын емес.
Осы түйіткілді мәселеге қатысты бейсенбі күні аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті. Оған аудан басшысы Мұхтар Оразбаев төрағалық жасап, құқық қорғау органдары мен дербес бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – “Қаржы саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында жүргізілген және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы” қаржы бөлімінің басшысы Әліби Әбиев баяндама жасады.
– Бөлім қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және түсіндіру жұмысы атқарылуда. Сонымен қатар бөлімге түскен азаматтардың арыз-шағымдарын қарау кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, әдеп нормаларын қатаң сақтау тапсырылған. Жыл басынан бері бөлімде 7 азамат жеке қабылдауда болды. Жазбаша арыз-шағым болған жоқ, – деді Ә.Берікұлы.
Жыл көлемінде небәрі 7 адам жеке қабылдауда болған. Бұл мәселені аудан әкімі сынға алып, аппарат басшысы Қайрат Әубәкіровке мәселелер қаралуы өте аз екенін айтып, алдағы уақытта жиі ұйымдастыру керектігін тапсырды.
– Әр бюджеттің тиыны өзінің мақсатына жұмсалуы керек. Жұмыстар уақытылы қадағалануы тиіс. Азаматтарға көпшілік жағдайда ақпарат жетпей жатады. Осы мәселені бақылауға алу қажет.
Мемлекеттік мекеменің басшысы айына кем дегенде бір рет жеке қабылдау өткізу керек деген қағида бар. Халық көбіне түсінбестіктен, мұқтаждықтан, қажеттіліктен мекеме басшысына жүгінеді. Өткен жолы бір ауылдың әкіміне шара көрілді. Себебі, жеті айда бірде бір рет жеке қабылдау өткізбеген. Ауылдық жерлерде күніне жоқ дегенде 5-6 азамат әкімге жүгінеді. Ол жұмыста болмайды немесе жауапкершілігіне жүрдім-бардым қараған болуы мүмкін, – деген ойын білдірді Мұхтар Әуесұлы.
Ал мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау бағытында атқарылған шаралар жайына Қазалы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Нұрлан ­Толыбаев тоқталды.
Баяндамадан соң комиссияға қатысушылардың ұсыныс-пікірлеріне кезек берілді. Комиссия отырысында сөз алған Қазалы ауданының құрметті азаматы, республикалық «Жаңару» қоғамдық бірлестігінің Қазалы ауданы бойынша филиалының төрағасы Талайлы Бөріқұлақов сыбайлас жемқорлық бойынша бірқатар мәселеге тоқталды.
– Қазалы ауданында соңғы 4 жылда құрылыс бөлімінің үш басшысы істі болды. Оның фамилиясын айтудың қажеті жоқ. Бір нәрсені ескеруіміз керек, ол азаматтар пара алып, сотталған емес. Бәрі орындалмаған жұмыстарға қол қойып, бітпеген істі қабылдау мәселесінен туындаған. Күні кеше ғана бөлім басшысы болғанына 3 ай толған азамат істі болды. Бұның бәрі нені көрсетеді? Біздің тиісті басшылардың не нәрсеге мән бермеуін айғақтайды? Ол сол азаматтардың обал-сауабына қалам-ау деген нәрсеге немқұрайлылық танытады.
Неге біз осыған талдау жасамаймыз? Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заң бабында жазылған: «Егер қарамағындағы қызметкер немесе бөлім басшысы сотпен істі болатын болса, сол саланың тиісті басшысының мәселесі қаралу керек. Немесе қызметтен кету тиіс». Болмаса, тиісті шара көрілу керектігі айтылған. Ал біздің басшылық қайда қарап отыр? «Ендігі кезек пәленшенікі деп отыратын жағдай жоқ», – деді Талайлы Әмитжанұлы.
Мұнан соң «Жаңару» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы Талайлы Бөріқұлақовтың сөзін хаттамаға түсіріп, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы органға жолдауын сұрады.
Келесі кезекте аудан әкімі Мұхтар Оразбаев: «Жалпы қаржыны игер, болмаса бітпеген жұмысты қабылда демейміз. Жұмыс бітпесе, заңсыз болса, күмән тудырса, неге көз жұма қараймыз. Ондай біздің ойымызда жоқ. Ол азаматтардың да ойы болмаған шығар деп ойлаймын. Қаржыны игер деп басшыларға ешкім тапсырма беруге міндетті емес. Заңсыз ба, қаржы игерілмесе, одан жауапты азаматтарға шара көрейік. Бірақ сыбайлас жемқорлыққа қадам баспау қажет», – деді.

Е.АЙДАРБЕК
05 қазан 2021 ж. 788 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 99

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 87

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 69

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 86

Елімізде қар жауып, аяз түседі

23 желтоқсан 2024 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031