Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда төсбелгінің жаңа түрі енгізіледі

Қазақстанда төсбелгінің жаңа түрі енгізіледі

Төсбелгінің сыртқы жағының ортасында Қазақстан картасы орналасқан. Мемлекеттік органдардың ведомствоаралық наградалары тізіміне тағы екі төсбелгі қосылады. Үкімет қаулысының жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Атап айтқанда, "Құрметті метролог" төсбелгісін енгізу жоспарланып отыр. Оны метрология саласында кем дегенде 10 жыл еңбек еткен мамандарға табыстайды. Сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан өзге де адамдар марапатталады.
"Құрметті метролог" төсбелгісінің диаметрі - 35 мм. Медаль жезден жасалады. Бет жағында тегіс аббревиатурамен ҚС (Қазақстан сапасы) деген элемент орналасқан. Жоғарғы жағында "Құрметті метролог", төменгі бөлігінде қазақы ою-өрнек ойылған.
"Төсбелгінің сыртқы жағының ортасында Қазақстан картасы орналасқан, жоғарғы бөлігінде "Метрология саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" деген қазақша сөздер және төменгі бөлігінде сериялық нөмірі ойылып жазылады", - делінген порталда.
Сондай-ақ қаулы жобасымен "Құрметті стандарттаушы" төсбелгісін енгізу жоспарланған. Оны стандарттау саласында 10 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар кәсіби қызметкерлерге, сондай-ақ ұлттық стандарттау жүйесін дамытуға үлес қосқан өзге де адамдарға тапсырады.
04 қазан 2021 ж. 860 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 207

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 141

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031