Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ баласының ғарышқа аттанғанына 30 жыл толды

Қазақ баласының ғарышқа аттанғанына 30 жыл толды

Бүгін қазақ баласының ғарышқа аттанғанына тура 30 жыл толды. 1991 жылдың 2-ші қазанында Тоқтар Әубәкіров халықаралық экипаж құрамында көкке көтерілді. Бұл оқиға Қазақстанның ғарыштық бағдарламаларын бастап берді, деп хабарлайды 24.kz.
Осыдан 30 жыл бұрын қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер көкке көтерілді. 1991 жылдың 2 қазанында Тоқтар Әубәкіров «Союз ТМ» әуе кемесімен ғарышқа аттанды.  Алайда ғарышкер-зерттеуші бұл сапарға шықпас бұрын, тыңғылықты дайындықтан өтті. Халықаралық экипаждың құрамында сегіз тәулік болды. Қазақ ғарышкерінен бөлек Александр Волков пен Франц Фибек те ғарышқа ұшты. Олар «Мир» кешенінде бір аптадан астам уақыт жұмыс істеді. 10 қазанда экипаж аман-есен жерге оралды. Осылайша 2-ші қазан - ел тарихиындағы ерекше күнге айналды.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттерінде: «Бұл оқиға елдің ғарыштық зерттеулер бағдарламасын іске асырудың бастамасы болды, ал ғарышты игеру бүгінде халқымыздың және ұлттық экономикамыздың мүдделеріне қызмет етеді», – деп айрықша атап өтті.
Тоқтар Әубәкіров халықаралық экипаж мүшелерімен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Олардың нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаңның пайда болу себебі анықталды. Тоқтар Әубәкіров, қазақтың тұңғыш ғарышкері: – Тарихтағы айтулы сәтке Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың да қосқан үлесі орасан зор. Ол бірнеше жыл қатарынан Қазақстан азаматының ғарышқа ұшуы туралы мәселені көп көтерді. Нәтижесінде қазақ баласы ғарышқа аттанды.
02 қазан 2021 ж. 576 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930