Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық жастар әскери борышын өтеуге неге асықпайды?

Қызылордалық жастар әскери борышын өтеуге неге асықпайды?

Kyzylorda-news.kz. Осы жылы көктемгі науқанда Қызылордадан 143 азамат әскер қатарына жіберілді. ҚР ҰҚК Шекара қызметі – 14, ҚР Қарулы Күштері – 65, ҚР Ұлттық Ұланына – 64 сарбаз әскери міндетін орындауға аттанды. Күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарына 869 азамат шақырылса, бүгінгі күні оның тек 178-і келген. Әскерге шақырылушыларға шақыру қағаздары қалалық әкімдіктен бөлінген әскери есеп жүргізу мамандары мен қоғамдық қызметкерлердің күшімен таратылуда.

«Құқық қорғау органдарына, ұлттық қауіпсіздік комитетіне және емдеу-профилактикалық мекемелеріне сұраныстар жіберіліп, әскерге шақырушылардың тізімі және картотекасы құрылды. Мемлекеттің шекарасын күзету, халықтың тыныштығын қорғау – үлкен абырой мен сенім екендігін жас ұрпаққа түсіндіру маңызды қадамдардың бірі. Дегенмен, әскерге шақыру жұмыстары барысында әскери қызметке шақырылғандардың тұрғылықты мекен-жайы бойынша болмауы, әскерден түрлі себеппен жалтару сынды мәселелер туындайды. Осы орайда, ата-аналар, оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен жас ұрпақ арасында Отан алдындағы борышты өтеуге шақыруда қолдау көрсетуін сұраймыз», – деді қалалық қорғаныс істері басқармасының бастығы Алмас Чункунов.

Жастар мен жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәрбие беру және ер-азаматтың Отан алдындағы борышының маңыздылығын насихаттау мақсатында Қызылорда қаласында алғаш рет «Жастар арасында әскери-патриоттық шара ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі қолға алынды.

«Аталған әлеуметтік жоба аясында Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен келісе отырып әскери-патриоттық іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспар аясында жастарды әскерге шақыру бойынша бейнероликтер әзірленіп, әскерден келген белсенді сарбаздармен сұхбаттар, тікелей эфирлер ұйымдастырылады және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының штабы құрылатындығын жеткізді», – қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Парасат Жаңабергенов.

Сондай-ақ, жоба аясында әскери қызметкерлер мен соғыс ардагерлерін жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттерімен кездестіру, бұдан бөлек қалалық әскери-патриоттық форум өткізу де жоспарланған.
28 қыркүйек 2021 ж. 442 0

Шегіртке шепті бұза ма?

31 мамыр 2025 ж. 49

Сазгер кеші

31 мамыр 2025 ж. 61

Алтын арқау «АЗиЯ»

30 мамыр 2025 ж. 105

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031