Қызылордадан күзде 800 азамат әскерге барады
Kyzylorda-news.kz. Биыл облыста күзгі әскерге шақыру науқанында 800 ге жуық азамат отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Қазіргі таңда, мерзімді әскери қызметтің шекара бөлімшесіне 40-қа жуық азамат жөнелтілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының Қорғаныс істері департаментінің тәрбие, идеологиялық және әскери патриоттық жұмыстары басқармасының бастығы, департамент бастығының орынбасары Алмат Жақыпов мәлімдеді.
«Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті аталған құжаттарға сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша облыстық, қалалық комиссия құрылды. Қала және аудан әкімдерінің қаулысына сәйкес медициналық комиссияда тәжірибиелі дәрігерлер мен арнайы мамандар жұмыс істейді. Азаматтарды жөнелту жұмыстары барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра жүргізілуде. Барлық қалалық, аудандық шақыру пунктерінде және облыстық жиын пунктерінде санитарлық посттар қойылған. Өңіріміздегі әскери бөлімдерге елімізді қорғауға қабілетті, денсаулық жағдайы жақсы, моральдік-іскерлік қабілеті жоғары азаматтар жіберілуде. Медициналық комиссияларға арнайы құрал-жабдықтар облыстық, қалалық және аудандық бюджет есебінен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бізде де арнайы шаралар өткізілді. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтар орын алмау мақсатында жиналыстар мен сабақтар өткізілді», – деді Алмат Жақыпов.