Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қар жауады: 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қар жауады: 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, солтүстік аймақтарда қар жаууы мүмкін. Синоптиктер дүйсенбі, яғни 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, батыста қатты жаңбыр, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында жауын-шашын, солтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауылмен, оңтүстікте, батыста найзағай ойнайды», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Ақмола облысында желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Түркістан облысында желдің күші 15-20 м/с, таулы аудандарда екпіні 25 м/с жетеді, облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғады.

Қызылорда облысында түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде найзағай ойнайды, жел 15-20, екпіні 23 м/с дейін күшейеді.
Қарағанды облысында түнде солтүстікте, орталықта жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында солтүстік-шығыста найзағай ойнайды, күндіз облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақтөбе облысында күндіз батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Атырау облысында түнде оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысында батысында, оңтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.
Алматы облысында таңертең және күндіз жел 17-22 м/с дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде және солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының күндіз оңтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с дейін жетеді.
27 қыркүйек 2021 ж. 375 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930