Тұтынушылар талғамынан шықты
Қашанда дастарқаны молынан жайылған дархан пейіл халқымыздың той-думан тұсында керегін іздеп, абыр-сабыр күй кешетіні шындық. Мұндай мұқтаждықтың орнын толтыру, тұрғындарға жағдай жасап, қажеттіліктерін өтеу үшін Наурыз мейрамы алдында, яғни 21 наурыз күні «Нұршуақ» автобекетінде ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге ауданның барлық ауылдық округінен, азық-түлік, мал азығындық шөп, отындық жыңғыл, тағы басқалары жеткізілді.
Сауда қатарына қойылған «РЗА» АҚ-ның күріш, сүт, нан өнімдері, жеке кәсіпкер Т.Игіліковтің балық өнімдері, Бозкөл ауылдық округінің сиыр еті, Бірлік ауылының асқабақ, күріші қол жетімді бағамен сатылды. Сонымен бірге, облыстық тұрақтандыру қоры ұсынған макаронның әрбір келісі – 270, қырыққабат – 55, картоп – 110, жуа – 75 теңгеден босатылды.
Жер-дүниені нұрлы шуағына бөлеген Ұлыс күні қарсаңындағы жәрмеңке көпшіліктің көңілінен шықты.
С.БАХИЕВ