Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл елімізде жұмыспен қамтудың жаңа формаларын реттеу тетігі әзірленеді — Е. Тоғжанов

Биыл елімізде жұмыспен қамтудың жаңа формаларын реттеу тетігі әзірленеді — Е. Тоғжанов

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шаралары жөніндегі брифингте әлеуметтік қорғау мәселелері туралы айтты, деп жазады egemen.kz
Ералы Тоғжановтың айтуынша, біліктіліктерді реттеу - еңбек нарығындағы барлық қарым-қатынасты өзгертетін түбегейлі және жүйелі қадам.
«Көптеген елде жұмыс орындарына, қызметкерлердің біліктілік деңгейіне қойылатын талаптарды белгілеу арқылы технологиялық серпіліс жасалды. Оңтүстік Кореяның тәжірибесі 1973 жылы «Ұлттық техникалық біліктілік жүйесі туралы» Заңның қабылдануы нәтижесінде ЖІӨ-нің 100 еседен астам өскенін көрсетеді. Осыған ұқсас, Қазақстанда «Кәсіби біліктілік туралы» Заң әзірленетін болады», деді ол.
Алғаш рет еңбек нарығына арналған 589 кәсіптік стандарт әзірленіп, қолданылып жатыр. Сондай-ақ, кез келген кәсіби оқудан, бейресми, тәуелсіз оқытудан кейін біліктілікті растауға болады және мұндай біліктілікті жұмыс берушілер мойындайды.
Премьер-Министрдің орынбасары цифрландыру жұмыспен қамтудың жаңа нысандарының пайда болуына алып келгенін атап өтті. Нақты мысалдары — Uber, Яндекс-такси платформаларында жұмыс істейтін жүргізушілер, Wolt курьерлері және т. б. 
«Бүгінде әлемнің көптеген еліндегі, соның ішінде Қазақстандағы интернет-платформалар негізінде жұмыспен қамту заңнамалық тұрғыдан жеткілікті түрде реттелмеген. Сондықтан биыл әлеуметтік, медициналық сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету және салық салу мәселелерін қоса алғанда, жұмыспен қамтудың жаңа формаларын реттеу тетігі әзірленетін болады», деп хабарлады Е. Тоғжанов.


27 қыркүйек 2021 ж. 284 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930