Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Пандемия кезінде туристер үшін ең қауіпті елдер аталды

Пандемия кезінде туристер үшін ең қауіпті елдер аталды

Германиядағы Роберт Кох институты (RKI) елдер бойынша COVID-19 жұқтырған неміс туристерінің саны туралы мәліметтерді қорытындылады және ең қауіпті бағыттардың тізімін жасады. Бұл туралы Frankfurter Rundschau сайты жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

RKI мәліметтері бойынша, Германияда соңғы төрт аптада коронавирус жұқтырған 87 572 адам анықталды. Оның ішінде 26 218 пациент шет мемлекеттен жұқтырған.

"Қазіргі инфекция жұқтырғандардың көбі Балқан елдерінде жұқтырған. Көбінесе ауру жұқтырған ел ретінде Түркияны көрсетті, бұл елден келген 6087 демалушы тіркелді", - делінген институттың хабарламасында.

5,7 мыңға жуық пациент вирусты танылмаған Косовода жұқтырған. Үшінші орында Хорватия, онда екі жарым мыңға жуық неміс жұқтырды. Сондай-ақ, туристер арасында танымал болған Грекия мен Италия да анти-рейтингтің ондығына кірді.
20 қыркүйек 2021 ж. 391 0

Өнердің өріндегі өмір

23 мамыр 2026 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031