Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Nur Otan" партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті

"Nur Otan" партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті

Бірлескен отырыста сайлауалды бағдарламада көрсетілген жобаларды шешу жолдары пысықталды.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросы және фракциясының бірлескен отырысы өткізілді. Отырысты аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасы Мұхтар Әуесұлы ашып, жүргізіп отырды.

Бюро отырысына аудандық филиалдың Саяси кеңес бюросы мүшелері, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша шараларды қабылдау жөніндегі жұмысшы тобының төрағасы мен мүшелері қатысты.

Отырыстың күн тәртібіне қойылған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатындағы аудан көлеміндегі жол картасында көрсетілген индикаторлардың орындалмау қаупі бар жобаларды шешу жолдары қарастырылды.
Күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы А.Аманов хабарлама жасап, хабарлама негізінде көтерілген мәселе талқыланды.


Бюро мүшелері С.Имандосов, И.Тілеп, Ғ.Әліш өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Отырыс соңында ұсыныс-пікірлер бойынша тиісті қаулы қабылданды.





"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
17 қыркүйек 2021 ж. 565 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 32

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 25

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031