Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар үшін үйден жұмыс істеудің кемшіліктері қандай?

Қазақстандықтар үшін үйден жұмыс істеудің кемшіліктері қандай?

Жұмысшылар мен жұмыс берушілер үшін қашықтан жұмыс істеудің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек ресурстарын дамыту орталығының стратегия және жобаларды басқару департаментінің директоры Александра Молчановская айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Пандемия көптеген мамандық иелері қашықтан жұмыс істей алатынына, бұрынғыдай қызметкерлерді кеңседе 09:00-ден 18:00-ге дейін ұстаудың мәні жоқтығына көзімізді жеткізді. Енді жұмыс берушілер үшін жұмысшының тапсырмаларды қайда және қалай орындайтыны емес, берілген уақытта тиянақты орындауы маңызды,- деді Молчановская "Қазақстанның еңбек нарығы туралы алғашқы ұлттық баяндама" онлайн-презентациясы кезінде.
Ол мұндай жұмыстың жұмыс берушілер үшін де, қызметкерлер үшін де тиімді екенін айтты. Сондай ақ, жұмыс беруші кеңсеге, көлікке, тамаққа кететін шығындарды азайтып, қызметкерлерді басқа қалалардан табуға болатынын, оларды іздестіруде аумақтық шекараның жойылатындығын атап өтті.

Қашықтан жұмыс істеудің қызметкер үшін артықшылықтары: жолға уақыт пен ақшаны үнемдеп, кеңсе киімдеріне кететін шығындардың азайтуға болатыны. Қашықтықтан жұмыс істеудің кемшіліктері де жоқ емес. Ең алдымен, жұмыс пен үйдегі өмірдің араласып кетуі, яғни сіз үйде жұмыс істесеңіз, жұмыстан үйге қайта алмайсыз. Кесте біркелкі болмайды және соның салдарынан жұмысыңыздан жалығуыңыз мүмкін. Әлеуметтенудің, әріптестермен, клиенттермен байланыстың жоқтығы жұмыстың тиімділігін төмендетуі мүмкін, - деп атап өтті сарапшы.
17 қыркүйек 2021 ж. 209 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031