Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар неліктен гуманитарлық мамандықтарды жиі таңдайды?

Жастар неліктен гуманитарлық мамандықтарды жиі таңдайды?

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының Стратегия және жобалық басқару департаментінің директоры Александра Молчановская жастардың гуманитарлық мамандықтарды жиі таңдауының себебін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Оның айтуынша, бүгінде әрбір төртінші оқушыға мамандықты ата-анасы таңдап береді. Ал олар еңбек нарығындағы үрдістерді білмейді.
«Ата-аналар баласының тұрақты жұмысы болғанын қалайды. Мысалы, олардың ойынша, заңгер, экономист, кеңсе қызметкерінің жалақысы жоғары және тұрақты жұмыс бар. Осындай біржақты көзқарасқа байланысты, гуманитарлық мамандықтарға сұраныс бар. Жыл сайын техникалық мамандыққа орналасуға грант көбейгеніне қарамастан, жастар оған барғысы келмейді. Олар бұл тенденцияларды білмейді, мамандық пен жұмыс жағдайларынан хабарсыз», деді департамент директоры.
Оның айтуынша, жоғары сапалы кәсіби ақпарат беру жүйесін құру маңызды.
«Бүгінгі таңда білім беру жүйесі мүмкіндігінше икемді болуы керек. Бір қадам алда жүріп, еңбек ресурстарының біліктілігін арттыруға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жағдай жасауға тиіс», деп қорытындылады А.Молчановская.






17 қыркүйек 2021 ж. 257 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930