Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекетке азаматтардың қандай үйде тұратынын білу неге маңызды?

Мемлекетке азаматтардың қандай үйде тұратынын білу неге маңызды?

Жалпыұлттық халық санағы кезінде азаматтардың үй-жайы туралы алынатын мәлімет ары қарай елді мекендердің тұрғын үй қорының жағдайына сараптама жасау үшін қажет болады.

Бұл туралы брифингте Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді. «Адамдар тұрғын үй жағдайы туралы сұрақ не үшін қажет деп сұрауда. Оның ішінде үйдің қабырғалары неден тұрғызылған деген және осындай басқа да сұрақтар бар. Жалпы, БҰҰ-мен жарияланған раундтың «Халық және тұрғын үй қоры санағы» деп аталатындығынан бастайық. Аталмыш санақтың аясында нақты елді-мекен, аудан, облыстың, жалпы елдің тұрғын үй қорына ары қарай сараптама жүргізу үшін толыққанды ақпарат алу көзделіп отыр», - деп мәлімдеді ол.
Бұл ретте, Бюро басшысы мұндай сұрақтардың алдыңғы халық санақтары кезінде де қойылғанын еске салды. Бұл сұрақтарға жауап алу көрсеткішті өзгерту бойынша динамикалық қатар құруға мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ, 2021 жылдың санақ парақтарын әзірлеуге 2009 жылғы санақ сауалнамаларының негіз болғанын атап өтті. Бұдан басқа, 2020 жылғы халық және тұрғын үй қоры санағын өткізу бойынша статистика саласында маманданған мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың (Еуропалық статистиктер конференциясы, Вашингтон тобы және т.б.) ұсыныстары ескерілген.
«2021 жылғы халық санағының қорытындысы «Тұрғын үй қорының статистикалық тізілімі» АЖ-гі мәліметтердің өзектілігі мен дұрыстығын талдауға мүмкіндік береді. Яғни, тұрғын үй нысандары және оларда тұру жағдайлары, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ-да тіркелмеген нысандар, бос немесе иесіз үйлер, физикалық тұрғыда істен шыққан, бірақ заңды тіркеу мәліметтері бар үйлер анықталады. Пайдаланушылардың тарапынан болған мүдделілік пен мәселенің өзектілігін ескере отырып, сондай-ақ, әкімшілік дереккөздерде ақпараттың болмауы себепті, тұрғын үйді жаңғыртылатын энергия көздері есебінен жылыту бойынша да сұрақтар қосылды», - деп түсіндіріп өтті Айдапкелов.


15 қыркүйек 2021 ж. 312 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031