Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қиындықтарды еңсеріп, мақсатымызға жетеміз

Қиындықтарды еңсеріп, мақсатымызға жетеміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Бұл жолдау президентіміздің үшінші әрі кезекті жолдауы. Мен де өз ұжымыммен бірге көгілдір экраннан Жолдауды тыңдадым.
Әдеттегідей, президентіміз дәстүрлі жолдауында бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қозғап өтті. Мемлекет басшысы Жолдау барысында тұрғындардың өміріне және олардың денсаулығына қатысты мәселелерді, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық, мәселелеріне басымды көңіл аударды.
Әлемде қалыптасқан жаһандық экономикалық кризисті басты назарға алған президентіміз еліміздің одан әрі дамуына аса қажетті саяси стратегиялық мақсаттарды алға тартты.
Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай «адамды және қоғамды уақыт талабына сай жетілдіру қажеттігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныта алады».
Біз, еліміздің болашағы үшін қажырлы еңбек етіп, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз деп сенемін.
Ардақ КӘДІР, 
аудандық мәслихат депутаты
14 қыркүйек 2021 ж. 637 0

Доллар бағамы төмендеді

15 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031