Жүйелі саясат – жемісті еңбек
Биылғы Жолдау ұлт деңгейіндегі кезек күттірмейтін мәселелерге қатысты тың бастама көтеріп, жауапты салаларды жұмыла жұмыс істеп, қоғамның өмір сүру деңгейін көтеруде күш салуға шақырды.
Соның бірі ретінде ауылшаруашылық саласына арқа сүйеп отырған экономикасы бар ел үшін маңызды ветеринария жүйесін реформалауға қатысты нақты шаралар қабылдану керектігі атап өтілді.
Өзекті мәселенің оң шешім тауып, аталмыш саланы жоғары санатты мамандар мен соңғы үлгідегі техникалық жабдықпен қамтамасыз етілуі назардан тыс қалмауы тиіс.
Ветеринариядағы маман жетіспеушілігіне мардымсыз жалақының тигізіп отырған әсері де айтылмай қалмады.
«Ветеринария саласын да жетілдіру қажет. Бұл салада орталық пен өңірлер арасында міндет пен құзыреттер нақты бөлінуі керек. Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты. Бұл түптеп келгенде, ауылдағы ағайынның әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес», – деді мемлекет басшысы.
Дер кезінде көтеріліп отырған осындай маңызды мәселені шешу жолында тың ұсыныстарды ұсына білу біздің де міндетіміз.
Жолдауда мұнан бөлек келер жылы ең төменгі жалақы 42500 теңгеден 60 мың теңгеге көтерілетіндігі, аталмыш бастама 1 миллионнан астам тұрғынды қамититыны туралы да қозғалып өтті.
Бұл өз кезегінде көлеңкелі жалақы мәселесін жойып, ел экономикасына оңтайлы әсерін тигізеді.
Қорыта айтқанда, Жолдау халықтың өмір сүру сапасын арттырып, дағдарыстан экономиканы күйретпей, халықтың санын сиретпей шығуға бастайтын маңызды құжат.
Ибайдулла ТІЛЕП,
облыстық мәслихат депутаты
облыстық мәслихат депутаты