Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Синтетикалық есірткілердің интернет арқылы таратылғаны үшін жауапкершілік күшейді

Синтетикалық есірткілердің интернет арқылы таратылғаны үшін жауапкершілік күшейді

Синтетикалық есірткілердің заңсыз жарнамасы мен интернет арқылы таратылғаны үшін жауапкершілік күшейтілді.
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуынша, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ведомствоның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшыларымен бейнеконференцбайланыс режимінде жедел кеңес өткізді, онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын сапалы және уақтылы іске асыру үшін бірқатар міндеттерді белгіледі. «Жолдауда есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуына байланысты болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төнгені аталды. Сондықтан синтетикалық есірткілерді бақылауға енгізу тетігі жеңілдетілді, олардың заңсыз жарнамасы мен интернет арқылы таратылғаны үшін жауапкершілік күшейтілді. «Электрондық әмияндарды» анонимді пайдаланушылар арасында ақша аударуға тыйым салатын түзетулер енгізілді. Сонымен қатар, министр есірткінің таралуына, әсіресе жастар арасында таралуына күшті тосқауыл қою үшін министрлікті басқа органдармен тығыз жұмыс істеп, олардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті қатаңдату қажеттігін атап өтті», - Н. Ораз. Оның сөзіне қарағанда, кеңесте қызметтер мен бөлімшелер басшыларының азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін іске асыру үшін құқық саласындағы процестерді автоматтандырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Айта кетейік, Мемлекет басшысы өз Жолдауында құқық қорғау органдарына есірткінің азаматтар арасында, әсіресе жастардың ішінде таралуына барынша тосқауыл қоюды тапсырды.
06 қыркүйек 2021 ж. 355 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 149

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 152

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 169

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031