Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстарды ашуға бағытталған арнайы операция өтті

Интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстарды ашуға бағытталған арнайы операция өтті

Іс-шара барысында 214 құқық заң бұзушылық ашылды. Елімізде интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстардың алдын алуға және ашуға бағытталған арнайы операция өтті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

«Өткен аптада интернет-алаяқтығына қатысты қылмыстардың алдын алуға және ашуға бағытталған арнайы операция өткізілді. Үш күннің ішінде интернет-пайдаланушыларды алдаудың көптеген фактісі анықталды», - деді Нұрділдә Ораз. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі осындай жағдайлардың біріне тоқталды. «Елордалық полицейлер азаматтарды шын мәнінде жоқ пәтерді жалға беремін деп ғаламторда хабарландыру жариялаған алаяқты ұстады. Аталған іс бойынша 300 мың теңгеге материалдық шығын шеккен 8 жәбірленуші анықталды. Бұған қоса өзгенің дербес деректері арқылы, микроқаржылық ұйымдардан онлайн-несиелер рәсімдеумен айналысқан Қостанай қаласының екі тұрғыны тұтқындалды. Жедел іс-шаралар барысында қосымша 15 жәбірленуші анықталды. Бұл іс бойынша келтірілген залал сомасы шамамен 2 млн теңгені құрайды», - деді спикер. Жалпы, жедел алдын алу операциясын өткізу кезінде республика аумағында 214 құқық бұзушылық ашылды. Олардың басым бөлігін интернет-алаяқтықпен байланысты. Сондай-ақ, авторлық және сабақтас құқықтарды бұзудың 2 фактісі, интернетте порнографиялық материалдарды таратудың 8 фактісі және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың өзге 14 фактісі тіркелді. «Барлық материалдар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Нұрділдә Ораз.
17 мамыр 2021 ж. 368 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 112

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930