Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар интернет арқылы есірткі бизнесіне қалай тартылуы мүмкін?

Жастар интернет арқылы есірткі бизнесіне қалай тартылуы мүмкін?

Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Берікхан Нұрғалиев 2021 жылдың I-тоқсанындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың нәтижелері бойынша өткен брифингте айтты.
Қазір жастардың есірткі пайдалануына тікелей жол интернет болып отыр. Қазір интернет-дүкендер telegram арнасы арқылы жүзеге асырылады. Ол қосымшаны кез келген смартфонға көшіріп алуға болады. Жастарға курьер, хабарландыруларды тарату сынды жұмыстарын ұсынуы мүмкін. Синтетикалық есірткілердің кеңінен тарауы олардың арзан бағасына байланысты болып отыр. Жастар да кішкене жұмыс істесек, ештеңе болмайды деп ойлайды. Көңіл көтеретін газ есірткінің қатарына жатпайды. Олардың айналымын полиция бақыламайды. Себебі көңіл көтеретін газ анестезия үшін медициналық мақсатта қолданылады, - деді ол.
Нұрғалиев айтқандай, медициналық тұрғыда бұл зат науқасқа белгілі бір дозада ғана беріледі.
Қазір денсаулық сақтау министрлігі қатты әсер ететін препараттардың тізімін әзірледі. Оның құрамында азот та бар. Сондықтан көңіл көтеру газы бақылауға алынады. Қазақстанда есірткі сататын және насихаттайтын интернет сайттарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Граффити арқылы есірткіні насихаттайтын адамдар болса, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, - деді Нұрғалиев.
Осы орайда басқарма бастығы ата-аналарға жасөспірімдердің интернетте қарайтын сайттарын назарда ұстауға шақырды.
Нашақорлық әлеуметтік әлжуаз топтардың проблемасы ғана емес, кез келген отбасының мәселесіне айналды. Қазір пандемия кезінде онлайн күшейген соң, кез келген адамның қолында смартфон жүреді. Сондықтан балалардың қарап жүрген дүниелерін, сайттарын үнемі қадағалауда ұстау керек. Қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады, - деді ол.

05 сәуір 2021 ж. 2 371 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 84

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930