Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Qiwi-әмиянға қауіп бар ма?

Qiwi-әмиянға қауіп бар ма?

26 қыркүйек күні Tengrinews.kz сайты ішкі істер министрі Қасымовтың Мәжіліс отырысынан кейінгі кулуардағы сөзін келтірді. Онда министр есірткінің интернет арқылы таралу мәселесіне тоқталып, осы проблема жөнінде Президент Әкімшілігінен нұсқау барын атап өткен. Сонымен бірге, өз министрлігі мен Ұлттық Банкіге - Qiwi-әмияндарды жою туралы нұсқау түскенін айтқан.
Министрдің мәліметінше, Қазақстанда қазір 10 АЕК (24 050 теңге) дейін аноним түрде онлайн ақша аударуға болады. Оның ойынша, бұл дұрыс емес және аударымдар тек аты-жөні нақты тұлғалардың атынан жүруі керек. Бұл - есірткінің интернет арқылы таралуына тосқауыл болады.
Есірткінің интернет арқылы таралу мәселесі ушығып тұр. 2017 жылдың тек бірінші тоқсанында заңсыз есірткі айналымына қатысы бар 94 интернет-ресурстың анықталғаны хабарланған еді. Енді мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров Қазақстанда ондай 845 интернет-ресурс барын айтты. Сонымен бірге 12 Telegram-канал анықталған.
Есірткінің құпия нүктелер арқылы таралуы дилерлерді құрықтауды қиындатып отыр. Ішкі істер министрі тек тұтынушыны құрықтауды жеңіс деп есептемейтінін айтты.
Есірткі үшін төлем жүргізуге қолданылады делінген Qiwi-әмиян Қазақстанда қаншалықты тараған?
Qiwi-дің иесі кипрлік QIWI plc компаниясы келтірген мәліметте - жүйені айына 70 млн адам төлем үшін кемінде 1 рет пайдаланатыны, ол сома айына 50 млрд астам рубльді құрайтыны айтылған. Сол мәліметте - Қазақстанда бұл жүйеге 900-ден астам қызмет ұсынушы мен тауар сатушылардың қосылғаны туралы да бар (мәліметтің қай уақытта жарияланғаны белгісіз - ред.).
Есірткі сатушылар үшін де, дені жасөспірімдерден тұратын тұтынушылар үшін де Qiwi - ыңғайлы жүйе. Себебі, әлі жеке тұлғаға телінбеген немесе сатушының атына уақытша жазылған телефон нөміріне Qiwi-әмиян тіркеу арқылы дилерлер өздерін тасада ұстай алады. Қазақстандық есірткі тұтынушыда да тұлғаның атына жазылмаған нөмір алу мүмкіндігі әзірге бар (естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұлға атына ресми рәсімделмеген нөмірлерге қызмет көрсетілмейді).
Оперативті құрыққа көбіне тұтынушылар ғана түседі. Ал дилерлерде Qiwi-әмияндағы ақшаны тез арада қолма-қолға айналдырудың әдістері көп. Ақша көбіне бірнеше әмияндар, виртуалды банк карталары, букмекерлік шоттар тізбегінен өтіп, ақыры ТМД/ЕАЭО юрисдикциясынан тыс мемлекеттен бір шығуы мүмкін. Мұндай аса жедел жасалатын қылмысты ашу өте қиын. Сондықтан құрсау туралы әңгіменің шығуы орынды.
Бұл жағдайда QIWI plc компаниясы Қазақстандағы Qiwi-әмиян бизнесін жоғалтпау үшін қазақстандық құқық қорғаушылардың талабын орындауы мүмкін. Себебі «QIWI Kazakhstan» ЖШС бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат ұстанатынын жариялаған екен (құжат 2018 жылдың 28 мамырында қабылданған). Ол декларациялық құжатта компанияның - сыбайлас жемқорлыққа еш төзбейтіні және онымен күресте қызметкерлері мен контрагенттерінен мейлінше тазалықты талап ететіні ашық айтылған.
Ендеше бұл жолы да «QIWI Kazakhstan» ЖШС - тек иесіне рәсімделгені расталған нөмірлерге қызмет көрсетуге көшуі, бенефициарлар туралы толық мәлімет жинай бастауы, күдікті транзакцияларды құқық қорғаушыларға хабарлауы, т.с.с. шараларға көшуі мүмкін. Себебі бәсеке өршіп тұрған әрі өсуі бәсеңдеген электронды ақша айналымы нарығында қазақстандық сегменттен биліктің талабын орындамай айрылу - үлкен соққы болар еді.
Қазір BAQ.KZ редакциясы QIWI plc компаниясымен байланысуға тырысып жатыр. Компанияның көзқарасы туралы мәліметті жариялайтын боламыз.
28 қыркүйек 2018 ж. 1 210 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930