Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 6 қыркүйектен бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді

6 қыркүйектен бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді

Дүйсенбі, 6 қыркүйектен бастап Қазақстанда COVID-19 вирусына қарсы вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді. Бірнеше күн бұрын бас санитар дәрігер сондай қаулыға қол қойған болатын.
Қаулыға сәйкес, вакцинаға қарсы көрсетілімі бар және соңғы үш ай ішінде коронавируспен ауырған азаматтар екпе алмауына болады. Қалған вакцина салдырмаған азаматтар бір апта сайын ПТР тест тапсыруға (15 доллар тұрады) міндетті.
Қаулы талабын әсіресе қызмет көрсету және сауда орындарында жұмыс істейтіндер орындауы тиіс. Оған халыққа қызмет көрсету орталықтары, пошта қызметі, банк, сақтандыру ұйымдары, валюта айырбастау қызметі, жылжымайтын мүлік агенттіктері, фитнес-орталықтар, сауна, бассейндер, сұлулық салондары, киім және аяқкиім жөндеу қызметі, нотариалдық конторлар, базар, сауда үйі, ойын-сауық кешені, музей, кітапхана, театр, кинотеатр, галерея, цирк, автостанциялар, вокзал, әуежай, қонақүй, демалыс орындары, дәріхана және қоғамдық тамақтану орындары кіреді.
Денсаулық сақтау министрлігі қыркүйек айына дейін шамамен 10 миллион адамға вакцина салынады деп мәлімдеген еді. 4 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 19 миллион халықтың тек 5,6 миллионы екпе алған. Бір компонентін 6,7 миллион адам алған.
Халық арасында вакцинаға қарсылар бар. Аймақтарда міндетті вакциналауға қарсы акциялар ара-тұра өтіп жатыр.
06 қыркүйек 2021 ж. 300 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031