Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мал азығын дайындау барысы аудан басшысынң назарында

Мал азығын дайындау барысы аудан басшысынң назарында

Биыл аудан бойынша мал қыстату науқанына барлығы 190 080 бас төрт түлік түседі деп болжануда.

Атап айтқанда, 41 026 бас МІҚ, 101 145 бас уақ мал, 36 538 бас жылқы және 11 371 бас түйе.
Осыған байланысты зоотехникалық нормативтерге сәйкес, алдағы қыс 5 айға созылады деп күтілуде.
Қыстық мал азығына барлығы 119,9 мың тн шөп, 8,0 мың тн сүрлем, 23,0 мың тн сабан және 28,6 мың тн. жем қажеттілігі нақтыланды.
Ауданда мал қыстату науқанына дайындық шараларының арнайы іс-шара жоспары жасалып, мал азығы мен мал шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөнінде аудандық штаб құрылды.
Ауылшаруашылығы құрылымдары мен тиісті салалық мекеме басшыларының қатысуымен бірнеше басқосулар өткізіліп, аталған жұмыстар аудан әкімдігінің тікелей бақылауына алынып келеді.
Айта кету қажет, қажетті сүрлем мен сабан толығымен, ал шөптің 70% (84,0 мың тн) және жемнің 18% (5,2 мың тн) өз жерімізден қамтамасыз етіледі.

Ал, қалғаны көрші аудандар мен Ақтөбе облысынан сатып алынады деп жоспарлануда.
2021 жыллың 26 тамызына ауылдық округтерден жинақталған мәліметтер бойынша 63,9 мың тонна шөп дайындалған.
Оның ішінде 47,4 мың тн табиғи шөп, 16,5 мың тн жоңышқа шөбі.
Осы дайындалған мал азығының 12,1 мың тн. табиғи шөп пен 9,7 мың тн. жоңышқа шөбі сырттан сатып алынды.
Айта кету қажет, жем-шөп науқанына ауыл шаруашылығы техникаларынан 70 дана (25 трактор, 16 шөп шапқыш, 18 шөп дайындағыш, 11 камаз көлігі) қатысуда.
Қазіргі таңда, ауданда мал азығын дайындау жұмыстары қарқын алып, жаппай жүргізілуде.

Қазалы ауданының ауылшаруашылығы бөлімі
27 тамыз 2021 ж. 390 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031