Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Демалыс күндері мекемелерге кімдер кіре алады?

Демалыс күндері мекемелерге кімдер кіре алады?

Вакцина алған және жеті күн ішінде ПТР-сынамасын тапсырғандар ғана 28 тамыздан кейін демалыс күндері мекемелерге кіре алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев растады.
Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия карантинді жеңілдетуді мақұлдады. Енді 28 тамыздан бастап Ashyq-пен жұмыс істейтін нысандарға демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат берілді. Алайда ескерту бар:

қызметкерлерінің Ashyq-та "жасыл" мәртебесі бар мекемелер ғана жұмыс жасай алады;
мекемелерге тек вакцина алған және ПТР-анықтамасына жеті күн өтпеген тұрғындар ғана кіре алады.
Мекемелер түн ортасына дейін, ал Ashyq "көшбасшылары" түнгі екіге дейін жұмыс істей алады.

Байтанаевтың айтуынша, келушілер үшін шектеулер тек демалыс күндері қолданылады.

Бұған дейін Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуына байланысты карантин режимін жеңілдету бойынша бірқатар шешімдер бекітілгені хабарланған болатын. Алайда Алматыда карантин басқа өңірлерге қарағанда кеш жеңілдейді.
25 тамыз 2021 ж. 489 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 139

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 132

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 120

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 118

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031