Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ashyq жүйесінің жаңа жобасы халықты әбігерге салып қойды

Ashyq жүйесінің жаңа жобасы халықты әбігерге салып қойды

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысының жаңа жобасы халықтың үлкен кезегін туғызды. Қазіргі уақытта қалалық бөлімшелерде азаматтарды алдын ала жазылусыз қабылдай бастаған. Кіре берісте тек Ashyq жүйесіндегі мәртебесі тексеріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар топтамасына сілтеме жасап.

Келушілердің көптігінен қызметкерлер көмек беріп үлгере алмай қалған. Халыққа қызмет көрсету орталығына кезек көшеден бастау алады. Түскі уақыттың кезінде бұл жерге 50-ден аса халық жиналады. Оларды ғимаратқа кіргізбейді, өйткені онда келушілер онсыз да көп сондықтан әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкін емес. Күннің астында күткендер мұнда бірнеше сағат тұруға мәжбүр екендіктерін айтып шағымданады.

"Азаматтарға арналған үкімет" ақпараттық жүйесі туындаған мәселелер бар екенін растайды. Бұл жолы қателік бір сағаттың ішінде жөнделген. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілер ағынының осындай көп болуы күтілген. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап алдын ала брондау бойынша жұмыс жасаған уақытта оларға сол күні кіргісі келетіндерге арнап кеңсе ашу туралы өтініш көптеп түскен. Бұл ретте алдын ала брондауға үлгергендердің жазылуы үнемі үзіліп кетіп отырған.

"Біз адамдарға алдын ала өтінім қалдырмай-ақ кіруге рұқсат бердік. Әрине, алғашқы күндері қиындырақ болады. Келушілер үшін де, қызметкерлер үшін де. Бірақ мен қызметтерді автоматтандыру бойынша көптеген жұмыстар жүргізілгенін және кейбір азаматтар міндетті түрде ХҚКО-ға бармай-ақ қызметтерді онлайн ала алатынын атап өткім келеді" ,- дейді "Азаматтарға арналған үкімет" қызметтері бойыншы басқарушы директоры Бақтияр Мұхаметқалиев.

Қазіргі уақытта ең танымал қызмет түрлері: жаңа құжаттарды алу және ауыстыру, әсіресе халықаралық төлқұжат пен электронды-қолтаңбаны онлайн түрде алуға болатынына қарамастан осы қызметке көптеп келушілер бар. Сонымен қатар, жаңа оқу жылының басталуына байланысты маусымдық құжаттар мен куәліктер. "Азаматтарға арналған үкімет" ХҚКО сапарын кейінге қалдыра алатындардан кеңселерге келуге асықпауды сұрайды. Бірнеше күн болатын осындай аласапыраннан соң сұраныс саябырсып, кезек әлдеқайда аз болады деп күтілуде.
24 тамыз 2021 ж. 207 0

Музей – тұнған тарих

18 мамыр 2024 ж. 91

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 141

ҰБТ: қам қалай?

18 мамыр 2024 ж. 97

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031