Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Экономикада өсім бар

Экономикада өсім бар

Бүкіл әлемдегі сияқты қазір елімізде инфляция қарқынын ауыздықтау біршама қиындыққа душар болуда. Сарапшылардың атап көрсеткеніндей, 2021 жылдың екінші тоқсанында Қазақстан экономикасы біршама қарқынды дамыды.
Ішкі жалпы өнімнің өсуіне айналымға қосылған миллиардтаған теңгелер ық­пал жасады. Сонымен бірге ол бағаның өсуіне әкеп соқты. Бірақ осының барлығы Қазақстан сияқты дамушы елдерге ғана емес, бұрын инфляцияның деңгейі қалыпты деңгейде ұсталып келген мемлекеттерге тән болып отыр. Әсіресе бұл соңғы кездері Ресей экономикасы үшін үйреншікті құбылысқа айналды. Ресей президенті Владимир Путин инфляцияны АҚШ-та айналымға қосылған нақты кіріспен қам­тамасыз етілмеген бір­­неше триллиондаған дол­лар­дың ықпалы деп түсіндірді.
Соңғы уақытта Қазақ­станның монетарлық би­лігі макроэкономикалық тежеу механизмдерін қол­дану­ды жиі қолға алды. Атап айт­қанда, нарыққа ақша­ның түсуі тежелуде. Еуро­азия­лық даму банкі сарап­шыларының пікірінше, елі­­мізде бұл уақыттағы ша­ра­лар алдағы кезде өз же­місін көрсететін болады. Жыл аяғына дейін Қа­зақстанда инфляция 7 процентке дейін тежеледі. Инфля­цияның жылдам өсуі­не экономикадағы жағ­дай­дың қалыпқа түсуі ықпал жасауда.
Қазір доллардың теңгеге қатысты бағамы туралы жиі айтылуда. Әзірге ол доллар құнынан шаққанда 424 теңгені құрайды. Жыл соңына дейін жағдай осы қалыпта тұрса, экономика 4 процент өсімді құрауы әбден мүмкін. Бұл салыс­тырмалы түрде айтқанда, үлкен өсім көрсеткіші болып табылады. Осындай жағдай қалыптасқанда сарапшылар инфляцияның күткендегіден жоғары болатынын болжайды.
Жергілікті нарық қа­зір нақты жағдайға бе­йім­­деле бастады. Соңғы кез­дері жергілікті тұтыну на­рығында баға біртіндеп тө­мендеп келеді. Айталық картоп және көкөніс өнім­дерінің бағасы осыдан 1,5-2 ай бұрынғы деңгейден 50-70 процент төмендеген. Біз тілдескен сатушылар баға алдағы қазан айларында өткен жылғы деңгейге жетуі әбден мүмкін деген пікірді алға тартады. Бұл бір жағынан нарыққа ақшаның қысым жасап жатқанына қарамастан, жалпы өнім өндірудің көлемі өспесе кемімегенін айқындайды. Бір сөзбен айтқанда, диқан қауымы жаңа жағдайға бейімделуде. Ресей нарығы жабық болғандықтан өнім­нің көпшілігі жергілікті жер­де сатылуда. Түйінін айт­қанда, сұраныс пен ұсы­нысқа сәйкес экономика өз заңдылығымен даму жолына түскен сыңайлы.
Сарапшылар соңғы кезде елімізде нан өнімдерін өндіру көлемі біршама төмендегенін айтады. Ол шамамен 20 процентке төмендеген. Осыған сәйкес макарон және кондитер өнімдерін өндіру көлемі азайған. Қымбатшылық аталған өнімдерді айналып өткен жоқ. Нан бағасы біршама қымбаттады.
Дегенмен сарапшылар экономикалық жағдайдың біршама өзгеру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Ол әдетте елімізде қалыптасқан ін­деттің өршуіне байланысты шектеу шарал­ары­­ның енгізілуімен са­бақ­­тас­тырылады. Қалай болғанда да барлығына уақыт төреші.
24 тамыз 2021 ж. 186 0

Қазақстанда күн жылынады

25 желтоқсан 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031