Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәуір айы жауын-шашынды болады

Сәуір айы жауын-шашынды болады

Алдағы сәуір айы жылы әрі жауын-шашынды болады. Бұл жөнінде бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Қазгидромет» АҚ Ұзақ мерзімге ауа райын болжау басқармасының басшысы Гүлмира Ақышева мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат тілшісі.
«Ауа райының ұзақ мерзімге болжамы бойынша, алдағы сәуір айы жылы, жауын-шашынды болады. Әсіресе, бұл айдың бірінші және үшінші онкүндігінде жиі байқалады. Сәуір айында, сондай-ақ, жылы күндер мен суық күндер алма-кезек ауысатынына байланысты құбылмалы күн райы күтілуде. Бұл кезде ең төменгі температуралар бірінші онкүндіктің соңына қарай байқалады. Бұл кезде еліміздің солтүстік өңірлерінде ауаның түнгі температурасы 5-15 градус аязға дейін төмендесе, күндіз 0-5 аязға дейін төмендейді. Ал еліміздің оңтүстік бөлігінде ауа температурасы 0-5 градус жылы болады», - деді ол.
«Бұл кезде ауаның күндізгі температурасы солтүстік аймақтарда күндіз 15-23 градусқа дейін жоғарыласа, оңтүстік өңірлерде тіпті 20-25 градусқа дейін жетеді. Бірақ, сәуір айында ауа райы әлі де алдамшы болғандықтан, мұндай жылы күндер ұзаққа созылмайды. Өйткені, үшінші онкүндіктің басында және соңына қарай күн райы суыта түседі де, еліміздің солтүстік аймақтарында жауынды ауа райы орын алып, ауа температурасы нөлден төмен болады. Ал оңтүстік өңірлерде өткінші жауын жауып, найзағай күркірейді. Ауаның түнгі температурасы 5-10 градус жылы болады», - деді басқарма басшысы.
Ақышеваның берген мәліметі бойынша, үшінші онкүндіктің ортасына қарай осы Орта Азиядан келетін жылы ауа массаларына байланысты елімізде жанға жайлы жылылық орнайды.

19 наурыз 2018 ж. 1 802 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 148

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 152

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031