Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирустың өте қауіпті салдары анықталды

Коронавирустың өте қауіпті салдары анықталды

Коронавирусқа шалдыққан кейбір науқастарда МРТ кезінде миокардитке ұқсас өзгерістер байқалып жатады. Коронавирус жұқтырғандардың үштен бірі, тіпті жеңіл ауырып шыққандар да жүрек аурулары мәселесімен бетпе-бет келеді. Адам жазылып шыққан бірнеше аптадан кейін жүрек бұлшықеті – миокардит қабынып кетеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Мәскеудегі №15 қалалық аурухананың бас дәрігері Валерий Вечерко әлеуметтік желіде 35 жастағы науқас туралы баяндап берді. Оның жағдайы ауыр болған. Ауруханаға түскенде дене қызуы 40 градустан түспеген, дем алуы да қиындап, тахикардия байқалған.

ПТР-тест кезінде коронавирус расталғанымен, пневмония болған жоқ. Алайда дәрігерлер жүректің жұмысы бұзылғанын анықтады.
"ЭХО кардиография кезінде жүрек камераларының кеңейіп кеткені анық көрінді. Жүректің сол жақ қарыншасының жиырылуы диффузды тұрғыда төмендеп кеткен, шығарылым фракциясы - 20%. Коронароангиография жасадық. Күретамырлардың тарылуы байқалған жоқ. Осылайша, зерттеудің қортындысын негізге ала отырып, "жіті миокардит" деген диагноз қойылды", — дейді Вечерко.
Оның айтуынша, пациент екі апта бойы стационарда болды. Одан кейін үш айдай амбулаториялық деңгейде қаралып жүрді. Қазір жазылып шықты. Өзін жақсы сезінеді.
"Коронавирус жұқтырғанда қатты асқынулар болады. Ол уақыт өте келе емделеді. Бірақ олай тәуекелге бармаған дұрыс. Сондықтан вакцинаны уақытында алу қажет. Сонда аурудың ауыр салдары болмайды", — деп атап өтті бас дәрігер.
Миокардит - жүрек бұлшықеттерінің қабынуы. Еуроодақ ғалымдарының бақылауынша бұл дерт 100 мың адамға шаққанда 22 адамда кездеседі. Коронавируспен ауырғандарда бұл үлес салмақтың қанша екенін айту қиын. Көрсеткіш жоғары болуы мүмкін деген болжам жасайды мамандар.
А.Н.Бакулов атындағы жүрек-қан тамырлары хирургиясы орталығының мәліметінше, пациенттердің 80 процентінде МРТ кезінде жүрек бұлшықеттерінің өзгерісі байқалған.
20 тамыз 2021 ж. 317 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930