Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавируспен ауырған адамдардың ақыл-ойы төмендейді

Коронавируспен ауырған адамдардың ақыл-ойы төмендейді

Ұлыбритания ғалымдары коронавирус инфекциясы ақыл-ой деңгейін төмендетіп жіберетінін дәлелдедіЛондондағы Империя колледжі мен Кембридж университетінің ғалымдары коронавируспен ауырып тұрған адамдардың ақыл-ой деңгейі айтарлықтай төмендейтінін дәлелдеді. Бұл зерттеу The Lancet журналында жарияланды, деп жазды РИА Новости.

Экспериментке 81 337 адам қатысқан. Оның ішінде 12 689 адам түрлі деңгейде корнавируспен ауырып шыққан. Тест ішінде когнитивті мүмкіндіктердің аспектілерін өлшеуге мүмкіндік беретін тапсырмалар жинағы болған. Нәтижесінде тіпті жеңіл формада коронавируспен ауырып, қайта жазылып шыққандар да тапсырманы орындау кезінде қиналған. Ал бұл дертпен ауырмағандар тапсырманы оңай орындаған.
Соның ішінде аргументация мен жоспарлау қабілетін талап ететін тапсыраны орындау қиынға соққан. Бұл зерттеу зейін қою мен сөз сұрыптаудағы проблемалар сынды коронавирустың ұзаққа созылатын салдарын да дәлелдеп отыр.
Когнитивтік қызметтегі ақаудың ауқымы аурудың қаншалықты ауыр деңгейде өткеніне байланысты болған. Сондықтан ауруға шалдығу кезінде жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған науқастардың ақыл-ой деңгейі жеті тармаққа төмендегені байқалған. Мұндай күй тіпті инсульт алып, алдағы уақытта жаңа дүниені үйренуге қабілеті болмаған адамдардан да анықталмаған.
Жұмыс авторлары когнитивті мүмкіндіктердің төмендеуі мен ауру жұқтырғаннан бері өткен уақыт арасында өзара байланыс бар-жоғын да тексерді. Нәтижесінде зерттеу олардың арасында ешбір байланыс жоқ екенін көрсетті. Сондықтан COVID-19 орны толмайтын, қалпына келмейтін залал тигізгені расталып отыр.
Біраз бұрын Берлиндегі Charite университеті клиникасының биологтары SARS-CoV-2 вирусы иіс сезуге арналған шырышты қабықтағы жүйке талшықтары арқылы адам миына енетінін анықтады. Бұл бас ауруы, шаршаңқылық пен мидағы "тұман" сынды неврологиялық проблемаға әкеп соғады.
26 шілде 2021 ж. 464 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 56

Туған өңір - тұнған өнер

29 сәуір 2024 ж. 103

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031