Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде ауылдық кітапханалар қорын толықтыру акциясы басталды

Елімізде ауылдық кітапханалар қорын толықтыру акциясы басталды

Отбасы күні қарсаңында Қазақстанда «Ауылыма кітап» ауылдық кітапханаларының кітап қорын толықтыру бойынша республикалық қайырымдылық акциясы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның барлық өңірлерінің ауылдық кітапханаларына кітаптарды жинау және жеткізу 2021 жылғы 16 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Акцияға қатысуға бастамашыл топтар, коммерциялық ұйымдар және балаларды оқыту мәселелеріне бей-жай қарамайтын барлық адамдар шақырылады.
Қажетті кітаптардың сипаттамасы:
Жанры – қазіргі заманғы балалар және жастар әдебиеті;
Форматы – қағаз және (немесе) электрондық тасығыштарда;
Тілдері - қазақ, орыс және ағылшын.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған үстел ойындарын да ұсынуға болады. Акцияның мақсаты - шалғайдағы елді мекендерде тұратын өскелең ұрпақтың бойында оқу мәдениетін ілгерілету және ауыл мектептерінің кітапхана қорын кеңейту арқылы жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру.


18 тамыз 2021 ж. 458 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031