Жаңа оқу жылы: студенттерге арналған ережелер

Санитарлық талаптарға сәйкес, жатақханаға тек вакцина алған студенттер ғана орналаса алады. Ал екпе салдырмаған жастар онлайн оқыту форматына ауыстырылады.
— Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында оқу корпустары, кітапханалар мен жатақханалардың кірберісінде міндетті түрде «Ashyq» қосымшасы болады. Бұдан бөлек, эпидемияға қарсы санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажет. Ол үшін медицина қызметкерлері оқытушылар мен білім алушылардың денсаулығын қадағалап отырады. Бұқаралық шараларға тыйым салынады. Сондай-ақ дәріс залдарында рециркуляторлар тұруы керек немесе бөлме іші үнемі желдетілуге тиіс, – деді Цой.
Бұдан бөлек, асханаларда, аудиториялар мен мәжіліс залдарында сақтық шаралары сақталуы шарт:
асханада отыратын адамдардың арасында кем дегенде екі метр арақашықтықты сақтау;
корпус бөлмелері, аудиториялар, спорттық және мәжіліс залдарын 40-50 процентке ғана толтыру;
зертханалық, практикалық және студиялық сабақтар, сондай-ақ, жатақхана бөлмелерінің сыйымдылығын 50 проценттен асырмау.
Министрліктің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев студенттердің вакцина алғанына қарамастан бептерде киюге міндетті екенін де ескертті.
Мониторингтік топтардың колледж пен университет аймағында тексеру жасап жүреді. Олар оқу орындарына, асханалар мен жатақханаларға емін-еркін кіріп, санитарлық талаптарды бақылайды. Ал тәртіп бұзғандар әкімшілік жазаға тартылады.