Мал азығын шетелге сатуға уақытша тыйым салынады
Елдің Ауылшаруашылық министрлігі осындай қаулы қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол 15 тамыздан бастап күшіне енеді. Жем-шөпті шетелге сатуды шектеу ішкі нарықта қор жинау мақсатымен жасалды. Мәліметтерге қарағанда қазір елде 16 миллион тоннадан астам шөп жиналды. Бұл жоспардың 68 процентіне тең. Шаруалардың қысқа қам жасауы үшін өңірлерге 43 мың тонна дизель отыны жеңілдікпен берілген. Сондай-ақ Мемлекет қарамағындағы 211 мың гектар жердің шөбін оруға рұқсат етілді. Бүгінде Алматы, Жамбыл және Түркістан областары жем-шөп қорын жинауда жоспарды артығымен орындады. Ал қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлерге көмек ретінде Үкіметтен 3,6 миллиард теңге бөлінді. Оның 1,7 миллиарды Қызылорда, 1,9 миллиарды Маңғыстау облысына берілді. Сондай-ақ осы екі өңірдің тұрақтандыру қорына қосымша 1,7 мың тонна арпа жеткізіледі. Десе де мамандар малдың қырылуына жалғыз қуаңшылық емес, саладағы жүйелі жұмыстың жоқтығы себеп болды дейді.
Еуроодақ Қазақстанға көмек ретінде €200 мың береді
Әкімшілік шығындардан ₸5,5 млрд үнемделеді
«Бәйтерек» компаниясы әкімшілік шығындарды қысқартады. Нәтижесінде алдағы үш жылда 5 жарым миллиард теңге үнемделмек. Биыл шілденің өзінде холдингтің орталық аппаратында штат саны 178 бірліктен 120-ға дейін азайтылды. Сондай-ақ 2017-2023 жылдарға арналған даму жоспарына түзету енгізілді. Бұған дейін републикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті холдингте тексеру жүргізген еді. Нәтижесінде компанияның еншілес ұйымдарын күтіп ұстауға кеткен шығын 65 процентке көбейгені анықталды. Яғни бұл бағытқа жыл сайын 30 миллиард теңге жұмсалған. Десе де холдинг негізгі қызметтерді алу үшін өзге ұйымдардың жалдаған. 5 жыл ішінде оларды төлеуге 20 миллиард теңгедей жұмсалыпты. Қазір холдингке қарасты компаниялар тобын трансформациялау мәселелері қарастырылып жатыр.Saudi Aramco табысы 4 есе көбейді
Екінші тоқсанда әлемдегі ең ірі мұнай компнаиясы Saudi Aramco-ның табысы 25 жарым миллиард доллар болды. Бір жыл бұрын 6,6 миллиард доллар еді. Яғни табыс 4 еседей өскен. Компания өкілдерінің айтуынша, кірістің артуына әлемдік нарықтың қалыпқа келіп, қара алтынға деген сұраныстың қайта артуы әсер етті. Сондай-ақ жұмысшылардың жаппай вакцина салдыруы компанияның өнімді жұмыс істеуіне мүмкіндік берген. Биыл алғашқы алты айды алсақ, табыс 47 миллиар доллардан асқан. Осылайша екінші тоқсанда Saudi Aramco-ның еркін айналымдағы қаржысы 22,6 миллиард долларды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есе көп. Тоқсандық қорытындыға қарасақ, компания тәулігіне орта есеппен 11,7 миллион баррел қара алтын өндіріп отырған.Bitcoin құны қайта көтерілді
[media=]