Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 700 мыңға жуықтады

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 700 мыңға жуықтады

8 тамызда Қазақстанда 7 671 адамның анализінен коронавирус анықталды.
Жексенбі күні ең көп науқас Алматыда (1503) тіркелді. Нұр-Сұлтанда – 1452, Қарағандыда – 1058, Шымкентте 565 адамның коронавирус тесті оң көрсеткен. Атырау облысында – 416, Ақтөбе облысында 393 адам коронавирус ауруына шалдыққан. Қалған облыстарда тіркелген науқастар 300-ге жетпейді.
Қазір Түркістан облысы коронавирустың тарауы бойынша "сары аймақта" тұр. Қалған қалалар мен облыстар "қызыл аймақта".
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 7 тамызда 76 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Сол күні 140 адам өлімі тіркелген.
Өткен аптада денсаулық сақтау саласының мамандары адам өлімінің көп болу себебін коронавирустың дельта вариантының жылдам тарауымен байланыстырған. Дәрігерлердің айтуынша, дельта "ағза таңдамайды, ол жылдам асқынады, созылмалы аурудың жоқтығы аурудың асқынбауына кепілдік бола алмайды".
Індет басталғалы бері 641 мың адамның коронавирус тесті оң шыққан. 6876-сы қайтыс болған. 2020 жылдың тамыз айынан бері 63 мың адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 3915-і қайтыс болған.
Қазақстан коронавирус жұқтырғандар мен одан қайтыс болғандар жөнінен Орталық Азияда бірінші орында тұр. Постсоветтік кеңістікте оның алдында Ресей мен Украина ғана бар.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Қазақстанда індет басталғалы бері кемінде 697 580 адам коронавирусқа шалдыққан. Зерттеу институты коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққандарды бірге есептейді. Қазақстан билігі коронавирус статистикасына коронавирус пневмониясын қосудан бас тартқан.
Қазір 113 мың адам коронавирустан емделіп жатыр. 31 мың науқас стационарда емделіп жатыр. 1981 адамның жағдайы ауыр, 402 науқастың халі мүшкіл. 192 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.
Ақпан айынан бері 4,3 млн адамға коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасы салынған. 1,3 млн адам бірінші дозасын алған.
09 тамыз 2021 ж. 307 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930