Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда коронавирустан 126 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан 126 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір күнде коронавирустан қайтыс болғандар рекордтық көрсеткішке жетті. 1 тамызда елде 126 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды: 110 адам – коронавирустан, 16 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды деп айтылады. Мұндай көрсеткіш бұрын-соңды тіркелмеген.
Өткен аптадан бері елде бір күнде анықталатын науқастар 7 мыңнан асып жүр. 2 тамызда 7481 адамның анализінен коронавирус анықталды. 1 тамызда 46 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған.

Сейсенбі күні Нұр-Сұлтанда – 1270, Алматыда – 1531, Шымкентте – 575, Қарағанды облысында – 941, Атырау облысында 406 адамнан коронавирус анықталған. Бір күнде анықталатын науқастардың 60 пайызы осы үш қала мен екі облыс үлесінде. Қалған облыстарда бір тәулікте тіркелген науқастар 400-ге жетпейді.

Сәрсенбі күні Түркістан облысы коронавирустың тарауы бойынша "қызыл аймақтан" "сары аймаққа" оралды. Қалған облыстар мен қалалар "қызыл аймақта" тұр.

2020 жылдың наурыз айынан бері Қазақстанда 595 мың адамның коронавирус тесті оң көрсеткен. 6153-і қайтыс болған.

Қазақстан билігі пневмонияның коронавирусқа ұқсас түрін 2020 жылдың тамызынан бері есептеп келеді. Содан бері 61 мың адамға сондай диагноз қойылған, 3756-сы қайтыс болған.

Кейбір сарапшылар Қазақстан билігі таратқан коронавирус бойынша ресми мәліметке күмәнмен қарайды. Олардың пікірінше, билік коронавирус статистикасын азайтып көрсетуге тырысады немесе "коронавирус пневмониясы" сияқты бөліп-жарып, мәліметті бұрмалауға тырысады. Билік мұндай айыптауларды жоққа шығарған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір 102 мың адам коронавирустан емделіп жатыр. 29 мыңы стационарда жатыр. 2 мыңнан астам науқастың жағдайы ауыр. 197 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Ведомство өткен аптада ауруханалардағы орын тапшылығы туралы айтқан. Қазір кей аймақта қосымша орындар дайындалып жатыр. Кейбірінде спорт кешендері, қонақүйлер инфекциялық стационарға айналған.

Бұған дейін Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин "індеттің төртінші толқыны тамыздың ортасына қарай шарықтау шегіне жетеді", қыркүйекте науқастар азаяды деген болжам айтқан.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстан халқының 20 пайыздан астамы коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын алған: 3,8 млн адамға екі дозасы салынған, 5,4 млн адам бір дозасын алған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Қазақстан әлемде коронавирус жұқтырғандар бойынша (649 мың науқас) 42-орында тұр. Постсоветтік кеңістікте Қазақстанның алдында тек Украина (2,3 млн) мен Ресей (6,2 млн) ғана бар.
03 тамыз 2021 ж. 358 0

Магниттік дауыл

12 мамыр 2024 ж. 55

Тәтті әлем

12 мамыр 2024 ж. 85

Келелі кездесу

11 мамыр 2024 ж. 73

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031