Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Covid-19 жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны 2 есе азайды

Биыл Covid-19 жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны 2 есе азайды

Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде қызмет ететіндердің 95 пайыздан астамы еке алған.
2020 жылы Covid-19 жұқтырған медицина қызметкердің саны – 13 565 (КВИ+) және 3 885-ті (КВИ-) құраса, 2021 жылы бұл көрсеткіштер 6 004 (КВИ+) және 326 (КВИ-) мәндеріне ие. Информбюро порталының ресми сұраухатына жауап берген Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі медицина қызметкерлері арасында коронавирусты жұқтыру қаупі өткен жылмен салыстырғанда төмендегенін мәлімдеді.

"2021 жылғы 1 ақпаннан бастап халықты және денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерін жаппай вакцинациялау басталды және ағымдағы жылғы 26 мамырдағы жағдай бойынша медицина қызметкерлерінің 93,5% вакцинацияланды, оның ішінде 217 мың адамнан 203 мың медицина қызметкері", – делінген министрліктің жауабында.

Сондай-ақ, биылғы жартыжылдықта медицина қызметкерлеріне 106,2 млрд. теңге сомасында үстемеақы төленгені белгілі болды. Ал 2020-2021 жылдары орташа есеппен 51 мың қызметкерге үстемеақы төленген.

Айта кетейік, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуге тартылған медицина қызметкерлеріне үстемеақы мөлшері тамыз-қыркүйек айларында 50%-ға төмендетіліп, 1 қазаннан бастап бұл төлем жүйесі күшін жояды.
03 тамыз 2021 ж. 325 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 42

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930