Қазалыда жомарт жүректі жандар марапатталды
Өздеріңізге белгілі, елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты ауқымды шаралар өткізуге шектеу енгізілген.
Осыған орай, бүгін аудандық жобалық кеңсе құрамындағы сарапшылар кеңесінің 2021 жылғы 13 шілдедегі №4 шешімімен аудан әкімдігінің мәжіліс залында қоғам жұмысына белсене атсалысып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан ұйымдар мен азаматтарға «Жомарт жүрек» номинациялары табысталды.
Осыған орай, бүгін аудандық жобалық кеңсе құрамындағы сарапшылар кеңесінің 2021 жылғы 13 шілдедегі №4 шешімімен аудан әкімдігінің мәжіліс залында қоғам жұмысына белсене атсалысып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан ұйымдар мен азаматтарға «Жомарт жүрек» номинациялары табысталды.
Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев байқаудың жеңімпаздарына арналған арнайы үлгідегі Диплом, төсбелгі, статуэтка және гүл шоғын табыстады. «Жомарт жүрек» сыйлығы 5 номинация бойынша тағайындалды.
Оның алғашқысы «Жыл меценаты» номинациясы. Ол туған жерінде әлеуметтік жобаларды іске асырғаны, аз қамтылған, көп балалы жанұяларға, ата-ананың қараусыз қалған жетім балаларға, зейнеткерлерге 3 млн. теңгеге жуық қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін «РЗА-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Нұрлан Самұратұлына берілді.
Жеке кәсіпкер Болат Емжайұлына ауданымызда білім беру саласына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаны іске асырғаны үшін «Туған өлке» номинациясы табысталды.
Ал, пандемия кезінде провизорлық стационарда 2 ай бойы үй көрмей жұмыс жасап, 300-ге жуық науқастың сауығып шығуына атсалысқан Әлия Жұмағұлқызы «Туған өлке» номинациясымен марапатталды.
Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық акцияларды тиімді жүзеге асырғаны үшін «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтандыру орталығының директоры Шынар Қуанышқызына табысталды. Орталық аудандағы мүгедек балаларды өмірге бейімдеу мақсатында 40-тан аса әлеуметтік маңызы бар жобаларды және қайырымдылық іс-шараларын іске асырған.
Волонтерлік қызметтерге белсенді қатысқаны үшін №266 мектеп-лицейдің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Қуаныш Темірханұлы «Ерен Еріктілік» номинациясы бойынша марапатталды.
Барша жомарт жүректі жандарға марапаттарыңыз құтты болсын демекпіз.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат