Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Салауатты өмірді қалыптастыру онкүндігі өтті

Салауатты өмірді қалыптастыру онкүндігі өтті

Қызылорда гарнизонындағы әскери бөлімде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып, «Біз салауатты өмірді таңдаймыз» атты онкүндік аяқталды.

Онкүндіктің негізгі мақсаты – бөлімде ас мәзірін қадағалау, медициналық және киім-кешекпен қамтамасыз етуді реттеу, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды дұрыс сақтау және әскери ұжымда салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Онкүндік кезінде жоспарға сай аталған тақырыптарға байланысты бөлім жеке құрамымен теориялық және тәжірибелік түсіндірме сабақтары жүргізілді.
Шара барысында әскери қызметшілерге қызметтен тыс отбасылық жағдайында да санитарлық талаптарды дұрыс сақтау, отбасының әрбір мүшесі үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру сияқты әскери бөлімнің лауазымды тұлғаларының нұсқаулары өткізілді.
– Жоспарға сай бөлім жеке құрамымен тиісті түсіндірме сабақтары ойдағыдай ұйымдастырылды. Өтіп жатқан онкүндік әсерінен әскери қызметшілердің эпидемиологиялық нормаларды дұрыс сақтауына және ұжымда салауатты өмір салтын қалыптастыруына сенімім мол, – дейді әскери бөлімнің идеология және арнайы насихаттау жөніндегі аға офицері, майор Батырбек Әбдірәсілов.
Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын тауып, бөлімнің жеке құрамымен онкүндіктен тыс сабақтар да өткізілу жоспарлануда.
Мұхит ҚОНАРОВ,
лейтенант, Қызылорда гарнизоны баспасөз
қызметінің бастығы
02 тамыз 2021 ж. 489 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 55

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930