Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирустан өлім қаупі төніп тұрған адамдар тобы аталды

Коронавирустан өлім қаупі төніп тұрған адамдар тобы аталды

Алматының бас дәрігері коронавирус жұқтырған науқастардың өліміне себеп болатын негізгі факторларды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Нариман Табынбаевтың айтуынша, коронавирус және оның "дельта" штамы көбінесе созылмалы аурулары бар адамдарға "шабуыл жасайды". Дәл осы таптағы науқастар коронавирустың құрбаны болады.

"Коронавирустың жаңа "дельта" штамы агрессивті және денсаулықтың күрт нашарлауына әкеледі. Өкінішке қарай, созылмалы аурулары бар адамдар қауіп-қатерге ұшырайды. Бұл артериялық гипертензиядан, жүрек-қан тамырлары және созылмалы өкпе ауруларынан зардап шегетіндер, сондай-ақ бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігімен тіркелген адамдар. Әрине, олар бірінші кезекте қауіп төнетін адамдар тобы.

Реанимацияларда науқастардың 84 пайызынан астамының анамнезінде бес және одан да көп ауруы болуы салдарынан қайтыс болу жағдайларын байқаймыз", - деді Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы.

Ол егде жастағы науқастарда созылмалы аурулар саны арта түсетінін айтты. Бұл әсіресе 70-75 жастан кейін байқалады.

"Өкінішке қарай, соңғы екі айда "дельта" штамы жастарды да аямайтынын байқадық. Қайтыс болғандардың жасы 40-тан аспаған екі өлім жағдайы тіркелді. Бұл өлім мен асқыну қаупі тек егде жастағы адамдарда ғана емес, сонымен қатар жастарда да болатындығын көрсетеді. Жыл басында мұндай асқынуларды байқамадық.

Жақында еліміздің басқа өңірлерінде балалар арасында өлімнің екі жағдайы тіркелді. Сондықтан бұл штамды болжау мүмкін емес. Бұл өте қауіпті штамм", - деп толықтырды Табынбаев.
27 шілде 2021 ж. 227 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930