Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада ауыл әкімі сайлауына бақылаушы ретінде 313 адам тіркелген

Қызылордада ауыл әкімі сайлауына бақылаушы ретінде 313 адам тіркелген

Қызылорда облысында ауыл әкімі сайлауына бақылаушы ретінде 313 адам тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін өңірде 40 ауылдық округтегі 54 сайлау учаскесінде халық дауыс беріп жатыр. Облыс бойынша саяси шараны өткізуге 304 комиссия мүшесі тартылған. Сайлау барысында бақылау жүргізу мақсатында 313 адам тартылған. Оның ішінде саяси партиялардан - 121, сенімді өкілдерден -116, қоғамдық ұйымдардан – 74, БАҚ өкілдерінен - 2 адам. Бақылаушылар тарапынан сайлау барысында тәртіп бұзу жөнінде арыз-шағымдар түскен жоқ. «Айта кетейік, өңірде 146 ауылдық округтің 40-ында ауыл әкімі сайлануы тиіс. Бұл - жалпы ауылдық округтердің 27,4% құрап отыр. Сайлауды ұйымдастыруға 7 аумақтық және 54 учаскелік сайлау комиссиясы жұмылдырылған. Ауыл әкімі лауазымына 122 кандидат үміткер болып отыр. Оның 49-ы - саяси партиялардан болса, 80-і - өзін-өзі ұсынушылар. Орта есеппен бір орынға 3 кандидаттан келеді», - деп мәлім етті облыстық сайлау комиссиясынан. Облыс бойынша орташа бәсеке - 3 адамнан болып тұр. Ал 6 округте - 2, 28 - 3, 5 округте 4, 1 округте – 6 кандидаттан тіркелген.

25 шілде 2021 ж. 319 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 26

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930