Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында жергілікті тұрғындардың 48,8%-ы ауыл әкімдеріне дауыс берді

Қызылорда облысында жергілікті тұрғындардың 48,8%-ы ауыл әкімдеріне дауыс берді

Қызылорда облысында 13.00-ге дейін ауыл әкімі сайлауына келгендер 48,8%-ті құрады. Ол 17 614 адамды шамалайды, деп хабарлайды облыстық сайлау комиссиясы.

Өңірде 40 сайлау округінде ауыл әкімі сайлау өткізілуде. Онда барлығы 122 адам үміткер ретінде тіркелген.

Оның ішінде саяси партиялардан – 47 адам түссе, 75 кандидат өзін-өзі ұсынғандар. Облыс бойынша орташа бәсекелестік 3 адамнан болып тұр. Ал 6 округте – 2, 28 – 3, 5 округте 4, 1 округте – 6 кандидаттан тіркелген.

Қызылорда облысы бойынша 54 сайлау учаскесінде тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 36 071. Сағат 13.00-ге дейін 17 614 адам сайлау учаскесіне келді. Ол 48,8% құрап отыр.

Арал ауданы бойынша 12 округте 19 учаске бойынша 8019 сайлаушы бар. Оның ішінде келушілер саны 3831 адам, бұл – 47,8 %.

Қазалы ауданы бойынша 3 округте 2673 сайлаушы, келушілер саны 1516 адам, ол – 56,7%

Қармақшы ауданы бойынша 1 округте 2 учаске бойынша 3410 сайлаушы тіркелген. келушілер саны 1142 – 33,5%

Жалағаш ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша бар. Онда 3596 адамнан 1733 адам келді. Ол – 48,2%.

Сырдария ауданы бойынша 3 округте 2808 сайлаушы бар. Келушілер саны – 1337 (47,6%).

Шиелі ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 4225 сайлаушы бар. Келушілер саны – 2290 адам. Ол – 54,2 %.

Жаңақорған ауданында 13 округте 17 учаске бар Онда қазірге дейін 11340 сайлаушының 5765-і келген. Ол – 50,8 % құрайды.

«Сайлау барлық учаскелерде Конституциялық заңға сәйкес өтуде, құқық бұзушылықтар аңықталған жоқ, арыз-шағым түскен жоқ. Қызылорда облысы бойынша 54 сайлау учаскесінде саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестік және коммерциялық емес ұйымдардың,сенім білдірген адамдары мен байқаушылары – 313 адам байқау жүргізуде», – деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
25 шілде 2021 ж. 387 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 30

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 30

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 33

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 34

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031