Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Clubhouse әлеуметтік желіге "шақыртумен" қосылу жүйесін алып тастады

Clubhouse әлеуметтік желіге "шақыртумен" қосылу жүйесін алып тастады

Clubhouse әлеуметтік желіге тек тіркелген пайдаланушылардың "шақыртуымен" қосылу жүйесін алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz компания блогына сілтеме жасап.
Бұрын пайдаланушылар әлеуметтік желіге тек "шақырту" арқылы қосыла алатын. Компания хабарламасында енді бәрі әлеуметтік желіге тіркеле алатыны айтылған.

"Біз бәрі тіркеле алу үшін кезек күту жүйесін алып тастадық", - делінген хабарламада.

Компания мәліметі бойынша, әлеуметтік желі жұмыс істеген сәттен бастап құрамы сегіз адамнан 58-ге дейін өскен, ал құрылған топтар саны күн сайын жарты миллионға жетеді.

Сондай-ақ, әлеуметтік желі енді iOS қолданушыларына ғана емес, Android үшін де қол жетімді болады.

Айта кетейік, Google-дың бұрынғы қызметкерлері жасаған жаңа Clubhouse әлеуметтік желісі жылдам танымалдыққа ие болды. Әлеуметтік желі App Store-дан жүктелген қосымшалар арасында бірінші орынға ие болды. Clubhouse - тек аудио хабарламаларға арналған әлеуметтік қосымша. Бағдарламада танымал спикерлерге тікелей сұрақ қою мүмкіндігі бар. Сонысымен тыңдаушылар қызығушылығын тударады.
23 шілде 2021 ж. 413 0

Тасбақа тағылымы

18 қазан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031