Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елде спирт өндірісі едәуір азайды

Елде спирт өндірісі едәуір азайды

Қазақстанда бірінші жартыжылдықта химиялық өндіріс артқанымен, позициялардың көбі бойынша бірқатар көрсеткіш өткен жылғыдан төмен болып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Осы жылдың алғашқы жартысында химиялық өнеркәсіп өнімдерінің көлемі құн көрсеткіші жағынан 252,2 млрд теңгені құраған. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 246,7 млрд теңге болатын. Өндірістегі нақты өсім бұл ретте 2,8% құрап отыр. Жалпы 2020 жылы шығарылым көлемі 476,3 млрд теңгені құрап, нақты өсім тек 0,2% жеткен еді. Химиялық өнеркәсіп өндірісінің жартысы негізгі үш өңірге тиесілі. Бірінші қатарда Жамбыл облысы тұрғанын атап өту керек. Саланың алпауыты «Қазфосфат» ЖШС, сонымен қатар «Talas Investment Company» ЖШС мен басқа компаниялар бұл өңірде жалпы өндірісте 89 млрд теңгенің өнімін шығарады. Одан кейінгі орында Ақтөбе облысы тұр (28,7 млрд тг). Бұл өңірде «Ақтөбе хром құрылымы зауыты» АҚ бар. Үздік үш өңірді Қарағанды облысы түйіндейді (28 млрд тг). Аталмыш аймақта «Теміртау электрометаллургиялық комбинат» АҚ орналасқан. Атырау облысында өндіріс көлемі төрт есе азайған. Бір жыл бұрын химиялық өндірістен 32 млрд теңге түссе, бұл жолы 7,1 млрд теңге ғана болған. «Өндіріс көлемі көптеген санат бойынша өткен жылғы көрсеткіштен едәуір азайған. Мәселен, алғашқы формадағы стирол полимерінің өндірісі бірден 2,4 пайызға азайса, этил спиртінің де өндірісі (17,4% - 6,3 млн литрге дейін) де қысқарған. Фосфордың (14,9% - 42,7 мың тонна), сұр қышқылдың (3,7% - 1,1 млн тонна) және азот қоспасының (1,6% - 218,6 мың тонна) да өндірісі төмендеген», - делінген зерттеуде.

22 шілде 2021 ж. 589 0

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 40

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 54

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031