Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маман "Дельта" штаммының ерекше белгілерін атады

Маман "Дельта" штаммының ерекше белгілерін атады

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов "Дельта" штаммының ерекше белгілерін атады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Басқарма басшысының айтуынша, коронавирустың "Дельта" штаммында аурудың аса ауыр түрі байқалып отыр. Сонымен қатар, бұл штамм аса біліне қоймайтындықтан жұқтырған адам ауырғанын байқамай қалуы  мүмкін.
– "Дельта" штаммының ерекшеліктері: ол агрессивті, алғашқы уақытта іш қатты ауырады. Яғни пациенттердің көбісі іші, асқазаны ауыратынын айтып жатады. ПТР-тест алған кезде науқастардың өкпеге айтарлықтай зақым келгені анықталып жатыр, – деді Т. Мұратов.
Оның айтуынша, "Дельта" штаммы өте жылдам жұғады. Оның инкубациялық кезеңі 7 күннен аспайды, көптеген науқаста 3-4 күнде іші ауырып, 5-6-күндері жөтеліп, өкпесі зақымдалады.
Дегенмен, басқарма басшысы вирус қалай мутацияланса да онымен күресте вакцина алу тиімді екенін атап өтті. 
Тимур Мұратов: "Жаңадан вакцинацияланған адам вирус тасымалдаушы бола ала ма?" деген сұраққа былай жауап берді.
– Бұл мүмкін емес, ол адамда тірі вирус жоқ. Ол ағзада көбеймейді. Вакцинаның мақсаты – иммунокомпетентті жасушаларға жету және оларды қоздыру арқылы, иммуноглобулин түрінде жауап алу, яғни антидене шығарады. Бұл жасушаның жады пайда болады және ол вирус келгенде жеткілікті мөлшерде антидене шығара бастайды. Яғни, ағзаны қорғау үшін белгілі бір мөлшерде антиденелер әрдайым қанның құрамында болады, – деді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
19 шілде 2021 ж. 370 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930